«Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйе жұмысы туралы арнайы презентациясына шақыру

201904.07
0

Алматы қаласы Әділет Департаменті Әділет министірлігін бастамасымен «Ұлттық ақпарат технологиялары» (бұдан әрі «ҰАТ») АҚ адвокаттық қызметі және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйе құру және дамыту жөніндегі Жол картасында айқындалған шараларды іске асыру мақсатында ҰАТ, Республикалық адвокаттар алқасы және Заң консультанттары палатасы өкілдерімен ақпараттық жүйе жұмысын көрсету үшін Алматы қаласында 2019 жылдың 10-11 шілде аралығында өткізу жоспарлануда.

Құрметті әріптестер! Жоғарыда аталған шараға қатысуға асығыңыздар. Автоматтандырылған «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйе жұмысымен танысуға зор мүмкіндікті өткізіп алмай, Әділет Департаментінен түскен мәліметті Сіздің каперлеріңізге жеткізудеміз. «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйе жұмысы бойынша өздеріңіздің барлық сұрақтар мен ұсыныстарыңызды тікелей Әділет Департаментінің мамандарына қоюларыңыз болады.

Осы шараға қатысуға қызығушылық білдірген адвокаттар болса, онда Алматы қаласының адвокаттар алқасына өзіңіздің аты-жөніңізді көрсетілген электронды поштаға: agkakz@gmail.com жолдауыңызды сұраймыз.

Арнайы шара: 10-11 шілде аралығында, Алматы қаласы Әділет Департаменті, 5 қабат, Акт залында өтеді. Басталу уақытысы сағат 10:00-де.

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.