Есірткі қылмысы, профилактика, сот және сотқа дейінгі практика, оның ішінде шұғыл тергеу әрекеттеріне санкция беру, сондай-ақ сараптама жүргізу ерекшеліктері

202405.02
0

2024 жылы 01 ақпанда Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының ғимаратында Алматы қаласы тергеу сотының төрағасы Б. Ж. Лесбаевтың, Алматы қаласы Алмалы ауданының судьясы Е. М. Қасымбековтың, Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры А. Ысқақовтың, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі Т. Ж. Қанатжановтың, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Р. Ыдырысовтың, Алматы қаласы Сот сараптамалары орталығының басшысы А. М. Жүсіпованың, Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Е. К. Ибрагимов, Алматы қаласы Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А. Т. Жетігенов, АҚАА №2 Заң консультациясының меңгерушісі Б. У. Қадырбекова, АҚАА адвокаты А. М. Шәріпбаева, сондай-ақ Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Талқылау тақырыбы – “Есірткі қылмысы, профилактика, сот және сотқа дейінгі практика, оның ішінде шұғыл тергеу әрекеттеріне санкция беру, сондай-ақ сараптама жүргізу ерекшеліктері”.

Кіріспе сөзден кейін Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі Т.Ж. Қанатжанов баяндама жасап, 2022-2023 жылдардағы есірткі құралдарының айналымына байланысты қылмыстық істердің саны мен санаттары бойынша қысқаша салыстырмалы талдау жасады.Сонымен, ұсынылған талдауға сәйкес, аталған санаттағы қылмыстық істердің саны айтарлықтай өскен: есірткіні өткізу фактілері бойынша (ҚР ҚК 297 бабы) 2022 жылғы 32 – ден 2023 жылы 42-ге дейін, сақтау фактілері бойынша (ҚР ҚК 296-бабы) 2022 жылғы 63-тен 2023 жылы 70-ке дейін жеткен. Бұл ретте, 2022 жылы соттарға 27 іс жіберілген, алайда 2023 жылы бұл көрсеткіш ұлғайып, 40 істі құраған.

Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында құқық қолдану практикасының әртүрлі проблемалық мәселелері талқыланды, олармен сотқа дейінгі тергеу органдары мен судьялар да, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және соттарда өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын адвокаттар да кездеседі. 

Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылардан талқылау барысында аталған санаттағы істерді тергеу және сотта қарау кезінде туындайтын қиындықтар мен проблемаларды шешудің түрлі ұсыныстары мен жолдары келіп түсті.





Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.