Алматы қалалық адвокаттар Алқасы «Адвокаттардың Тәжірибе жинау және Біліктілігін Жоғарылату Орталығы» Филиалы

Адвокаттардың тәжірибе жинау және біліктілігін жоғарылату орталығы (бұдан әрі мәтін бойынша – Орталық) «Адвокат» Мамандандырылған заңды білім беру базасында 1998 жылдың 6 қарашасында құрылған және Алматы қалалық адвокаттар алқасының (бұдан әрі мәтін бойынша – Алқа) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2010 жылдың 22 мамырында Алматы қалалық адвокаттар алқасының Конференциясының шешімімен Орталық Алқа Филиалы ретінде өзгертілді. 

Тәжірибе жинау орталығының жетекшісі - Байгазина Гульнар Бакировна 

Жетекші орынбасары – з.ғ.к., доцент Канафин Данияр Кайратович

Байгазина Гульнар Бакировна

 

Тәжірибе жинау орталығының жетекшісі

Канафин Данияр Кайратович

з.ғ.к., доцент

Жетекші орынбасары

Орталық қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:

    • Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін үміткер тұлғалардың тәжірибеден өтуін ұйымдастыру;
    • Адвокаттардың кәсіби біліктілігін жоғарылату жұмыстарын жүргізу;
    • Адвокаттар және заң мамандығының өзге өкілдері арасындағы жұмыстың оң тәжірибесін талдау, жалпылау, тарату және алмасу.

Өз қызметінде Орталық Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңды, Алқа Жарғысын, Алға Президиумының қаулыларын (бұдан әрі – “Президиум»), «Адвокат» мамандандырылған заң кеңес берулері туралы Ережені, Адвокаттар тәжірибе жинаушылары туралы Ережені, «Алматы қалалық адвокаттар алқасы» адвокаттар алқасының Филиалы, «Адвокаттардың тәжірибе жинау және біліктілікті жоғарылату орталығы» туралы Ережені және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Орталықтың жалпы басшылығы Алқа Президиумымен тағайындалатын, «Адвокат» Мамандандырылған заң кеңес беруі» Алқасы филиалының меңгерушісі жүзеге асырады. Орталық басшысының орынбасары адвокаттардың біліктілігін жоғарылату бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және лауазымдық міндеттемелерге сәйкес өзге жұмысты орындайды. Орталық басшысының орынбасары сонымен бірге Алқа Президиуммен тағайындалады. Орталық қызметіне бақылауды Алқа Президиумы жүзеге асырады.
Тәжірибе жинау және біліктілікті жоғарылату тыңдаушылар санаттары сипаттарын және олардың даярлықтарының жеке жоспарын ескере отырып, ұйымдастырылады және дәрістерден, тәжірибелік сабақтардан, семинарлардан, тренингтерден және аудиториялық жұмыстың өзге түрлерінен тұрады.
Тәжірибе жинау ол туралы келісімшарт негізінде жүргізіледі. Тәжірибеден өту туралы келісімшартты бекіту үшін қажетті құжаттар жинағы Алқа Президиумымен ұсынылады.
Біліктілікті жоғарылату Орталықпен айқындалатын тәртіпте және нысандарда жүзеге асырылады, оның ішінде:

    • Дәрістерді, семинарларды, презентацияларды, нақты сабақтарды жүргізу арқылы;
    • Өзге іс-шараларды жүргізу арқылы.

Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Орталық мемлекеттік органдармен, мекемелермен, халықаралық және үкіметтік емес мекемелермен серіктеседі, әртүрлі сұрақтар бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік материалдарды жинауды, талдауды және жариялауды жүзеге асырады, сонымен бірге әртүрлі салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге бағытталған қызметтерге қатысады.