АҚАА-да тағыламдамадан өтуге түсу тәртібі бойынша жадынама.

  1. Тағыламдамадан өтуге ниет білдірген барлық тұлғалар “Тағылымдамадан өту туралы Ережеменміндеті түрде танысулары тиіс.
  2. Келесі құжаттарды дайындау қажет:
    • Өтініш (үлгі бойынша)Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (бланкті кеңсе тауарларынан сатып алып, өз қолымен толтырып әкелу қажет)
    • Өмірбаян
    • Диплом көшірмесі (нотариалды куәландырылған), қосымшасының көшірмесі
    • 3х4 өлшемді екі фотосурет
    • Еңбек кітапшасының көшірмесі
    • Жеке куәлік көшірмесі
    • Соттылығының жоқтығы туралы анықтама
    • Психо-наркодиспансерлердің анықтамалары
    • Картон папкасы
  3. Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының Басшылығында сұхбаттан өту.
  4. Алматы қалалық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтуге ниет білдірушінің өтінішіне басшылықтың визасын алу.
  5. Төралқаның сынақшыларды қабылдау жүзеге асырылатын алдағы отырысына шақыруды күту.
  6. Тағылымдамадан өту туралы шартқа қол қою.

Тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін сынақшыларды шығару да Төралқа отырысында жүзеге асырылады.

Төралқа отырысынан кейін тағылымдамадан өту туралы үзінді көшірмелер мен қорытындылар беріледі, олармен кейін адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін аттестаттаудан өту үшін Алматы қаласы бойынша Әділет департаментіне жүгіну қажет.

АҚАА кадрлар бөлімі 279-57-22