БАСТЫ НАЗАР АДВОКАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕ

202206.12
0

Алматы қаласы Әділет департаментінде өткен кездесу қорытындысы бойынша қала соттарында Алматы қалалық адвокаттар алқасы, Алматы қаласы Әділет департаменті өкілдерінің және судьялардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өтеді.

Мысалы, Наурызбай аудандық сотында Талғат Орынғали төрағалығымен, Бостандық аудандық сотында төраға Бақыткелді Тұрлыбековтың қатысуымен және Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрағасы Бегалиев Бақытбектің қатысуымен кезекті кездесулер өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда «Е-заң көмек» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегін көрсету (бұдан әрі – МКЗК) бойынша адвокаттық қызметті автоматтандыру бойынша пилоттық жоба жұмыс істейді.

Өкілетті орган жүргізген ақпараттық жүйенің мониторингі азаматтық істер бойынша МКЗК шеңберінде адвокаттардың жұмысына ақы төлеу жөніндегі қаулылардың саны адвокаттарды тағайындау жөніндегі қаулылардың санын екі есе аз екенін көрсетті.

Қалыптасқан жағдайды бірлесіп зерделеу судьялардың Адвокат көрсететін мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық кеңес беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №1462 бұйрығымен бекітілген татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу ережелерін (бұдан әрі – Ережелер).әртүрлі тәсілдермен және түсінумен байланысты бірқатар жүйелі проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Мысалы, қаулылар арасындағы анықталған сәйкессіздіктің себептері болып судьялардың төлем туралы қаулылар шығару мерзімдерінің ұзақтығы, қолдары мен мөрлердің болмауы, судьялардың адвокаттың нақты жұмыс істеген уақытын қысқартуы немесе арифметикалық қателіктер табылады.

Білікті заң көмегін көрсетудің және МКЗК жүйесіне қатысатын адвокаттардың тапшылығын болдырмаудың маңыздылығын түсіне отырып, дөңгелек үстелдерге қатысушылар соттарда Ережелерді сақтау, тиісті қаулылар шығару бойынша туындайтын мәселелерді жедел шешу бойынша жұмыс кеңестерін өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.