Карчегенов Кенжеғали Қадырұлы өмірден озды

202528.06
0

Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы
2025 жылғы 27 маусымда 81 жасқа қараған шағында көрнекті заңгер, еліміздегі адвокаттарды біріктірудің бастамашысы әрі ұйымдастырушыларының бірі, 1991 жылы Қазақстан адвокаттар одағын құрып, оның вице-президенті, кейін президенті болған
Карчегенов Кенжеғали Қадырұлы өмірден озғаны туралы терең күйзеліспен хабарлайды.

Кенжеғали Қадырұлы 1991 жылдан 2018 жылға дейін еліміздегі ең ірі адвокаттар алқасы — Алматы қалалық адвокаттар алқасының төрағасы болып сайланды.
Кенжеғали Қадырұлы өз ісіне адал, абыройы жоғары, нағыз кәсіби маман болды.

Оның еңбегі адвокатураның құқықтық институт ретінде беделін арттырып, адвокаттар қауымдастығының топтасуына зор үлес қосты. Жеке тұлғалық қасиеттері әріптестері мен шәкірттерінің үлкен құрметіне, қоғамның кеңінен тануына ие болды.

Отандық адвокатура тарихында оның есімі кәсібіне адалдықтың, әділдіктің символы ретінде қалмақ.
Кенжеғали Қадырұлы – еліміздегі адвокаттар арасында алғашқы болып “Құрмет” орденімен марапатталған тұлға.

Ортамыздан адамдарды шын мәнінде құрметтейтін, жылы шырайлы, дана да парасатты Адам кетті…
Кенжеғали Қадырұлын білген және бірге еңбек еткен жандардың жүрегінде ол кісі жайлы ең жарық естеліктер сақталып қалмақ.

Марқұмның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл адвокаттар қауымдастығына қайғырып көңіл айтамыз.

Кенжеғали Қадырұлымен қоштасу рәсімі (жаназа)
2025 жылғы 30 маусымда, сағат 10:00-де,
Алматы қаласы, Барибаев көшесі, 13 үйде өтеді.

Асы (қонақасы) 2025 жылғы 30 маусымда, сағат 13:00-де,
Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 40 үй, “Жұлдыз” мейрамханасында беріледі.

Алматы қалалық адвокаттар алқасының Президиумы