Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қалалық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді

202422.05
0

2024 жылғы 17 мамырда Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қалалық адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.
Аталған шараға төрағалық еткен – Алмалы ауданының прокуроры А. А. Ысқақов.

Қатысқандар: аудан әкімі және оның орынбасары, аудандық соттың судьясы, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы, Алматы қаласы прокуратурасының 1-ші Басқармасы бастығының орынбасары, АҚАА төралқасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы ПД бастығы, ауданның ПБ бастығы және құрылымдық бөлімшелердің басшылары, аудандық білім бөлімінің басшысы, 3 қалалық емхананың директоры, прокуратураның жеке құрамы.

Күн тәртібінде келесідей мәселелер талқыланды:

  1. Ақтау үкімі және прокурорға қайтарылған істер бойынша заң бұзушылықтар, бұлтартпау шараларын санкциялау жөніндегі Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының практикасы және ҚІЖК 106-бабы тәртібімен келіп түскен шағымдар санының өсуі;
  2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін бұзу, теріс қылықтардың қайталануы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау, іздестіру, есірткі қылмыстары және жалпы криминогендік ахуал мәселелері.

Дөңгелек үстел барысында АҚАА адвокаттары келесі мәселелерді көтерді:

  1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде қорғануға құқығы бар куәлерді қорғаудағы адвокаттардың іс бойынша күдікті деп танылған клиенттермен жұмысынан айырмашылығы, қорғануға құқығы бар куәлер бойынша олардың құқықтарын қорғаушы ретінде қорғау кезінде өз шығындарын өтеу мүмкіндігінің жоқтығы;
  2. Адвокаттардың мемлекеттік органдардың (ІІМ, Прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі)үй-жайларына кедергісіз кіруінің (өтуінің) проблемалық мәселелері;
  3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары өкілдерінің адвокаттардың құжаттарда қойылатын қолдарын өз бетінше жалған қолдан жасау мәселелері;
  4. Қылмыстық процесс барысында сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары өкілдерінің іс-әрекеттеріне шағымдану мәселелері бойынша күрделілік және даулы сот практикасы мәселелері.