КҮН ТӘРТІБІНДЕ: КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ШЕҢБЕРІНДЕ АДВОКАТТАРДЫҢ ЕҢБЕГІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

202217.11
0

Алматы қаласының Әуезов ауданының № 2 аудандық сотында Алматы қалалық адвокаттар алқасы, Алматы қаласының Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 24-бабын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы шілдеден бастап «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі арқылы кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегін көрсету бойынша адвокаттық қызметті автоматтандыру жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі-КМЗК) жұмыс істей бастады.

Ақпараттық жүйенің мақсаты болып Заңмен анықталған азаматтардың кейбір санаттарының білікті заң көмегіне қол жеткізуін қамтамасыз ету және жеңілдету табылады.

КМЗК маңыздылығына қарамастан, бірнеше рет шағымдану нәтижесінде 9 айдың қорытындысы бойынша Әділет департаменті соттар адвокаттардың жұмысына ақы төлеу туралы қаулы шығарған жағдайларда  Үкімет қаулысын  біріңғай түсінбеумен және қолданбаумен байланысты бірқатар күрделі мәселелерді анықтады.

Мысалы, ақпараттық жүйенің мониторингі азаматтық істер бойынша адвокаттарды тағайындау туралы 487 қаулы шығарылғанын, бірақ өкілетті органға төлеуге соттардың 220 қаулысы, яғни жалпы санның 50% кемі ғана түскенін көрсетті.

Адвокаттардың өкілетті органға төлеуге жіберген қаулыларының аз болуының негізгі себептері болып судьялардың уақтылы дайындалмауы, қолдар мен мөрлердің болмауы, судьялардың адвокаттың нақты жұмыс істеген уақытын қысқартуы немесе арифметикалық қателіктер табылады.

Осыған байланысты адвокат қаулылардағы деректерді түзету үшін соттарға бірнеше рет жүгінуге мәжбүр, бұл КМЗК бойынша жұмысқа уақтылы ақы төлемеуге әкеп соғады.  

Аталған мән-жайлар, әрине, адвокаттардың КМЗК жүйесіне қатысуға деген ұмтылысына әсер етпеуі мүмкін емес, бұл өз кезегінде мемлекетттік кепілдендірілген көмек көрсету үшін қажетті адвокаттар санының жеткіліксіздігі тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін.

Сондай-ақ, көп жағдайда сақталмайтын адвокаттарды тағайындау туралы ұйғарымдарды жіберудің үш күндік мерзімін сақтамау мәселелері де талқыланды.

Диалог қорытындысы бойынша сот төрағасы Дәулет Аркинов қатысып отырған тұлғалармен аталған мәселелердің алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында жұмыс кеңесін өткізу туралы шешім қабылдады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.