АҚАА адвокаттары «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысты

202503.06
0

2025 жылғы 30 мамыр күні сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында (Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 86) халыққа білікті заң көмегін қолжетімді етуге бағытталған «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Аталған акция аясында Алматы қаласы Медеу ауданының заң кеңесінің адвокаттары белсенді қатысты:
— Қойшубаева Сәуле Серікқызы,
— Мұхаметова Зоя Талғатқызы,
— Ганбаров Эльдар.

Адвокаттар азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беріп, қолданыстағы заң нормаларын түсіндіріп, құқықтық мәселелерді шешуге көмектесті.

Сол күні акция аясында Каспий университетінде келесі заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдады:
— Карина Қошербаева,
— Алена Нефф (АОКА адвокаты, Алматы адвокаттар алқасында жұмыс істейді),
— Даяна Ли (АҒКА стажері),
— Алишер Алишев (заң кеңесі),
— Марал Жайлаубаева (АҒКА адвокаты).

АҚАА ЮК-7 филиалында акцияға келесі адвокаттар қатысты:
1. Баймағамбетова Айгүл Балтабекқызы,
2. Грачева Светлана Владимировна,
3. Нускеева Светлана Владимировна,
4. Оразбаев Серік Болатбекұлы,
5. Досжанов Жақсылық Балтабекұлы,
6. Кебиров Тұрсынжанов Ярмұхамметұлы.

«Халық заңгері» акциясы жыл сайын Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде өткізіледі.
Бұл ауқымды шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық сана қалыптастыру және тегін заң көмегін көрсету тетіктерін дамыту.

Алматы қалалық адвокаттар алқасы акцияға белсенді қатысқан барша әріптестерге кәсіби шеберліктері, жоғары азаматтық жауапкершілігі және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.