Алматыда өткен «Заң Көмегі» ҚКБАЖ-нің презентация жиынтығы

201918.07
0

10-11 шілдеде Алматы қаласы Әділет Департаментінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Акционерлік қоғамының  (бұдан әрі мәтін бойынша «ҰАТ») өкілі Анар Иманбаеваның және Республикалық адвокаттар алқасының  (бұдан әрі мәтін бойынша «РАА»)Атқарушы директоры Айнаш Рақымованың қатысуларымен «Заң Көмегі» аттықұқықтық көмектің біріңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі мәтін бойынша «ҚКБАЖ») презентациясы өтті.

Ақпарат ретінде: «ҰАТ» АҚ өкілі ҚКБАЖ-сі ағымдағы жылдың 24 маусымынан бастап www.eup.kz web-ресурсында орналастырылады және өнеркәсіптік пайдалануға еңгізіледі.

Ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін қызығушылық танытып тіркеуден өткен барлық адвокаттар үшін, қазіргі уақыттағы қолданыстағы жүйелік функциялар қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта бұл жүйе Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің үш дерекқорына, атап айтқанда «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар» және «Отбасылық қарым-қатынастар» деректер қорларына («РАГС» – деректері) енгізуді қамтиды.

Сонымен қатар, құқықтық көмектің Бірыңғай ақпараттық жүйесі «Параграф» ақпараттық құқықтық жүйесінің негізгі пакетіне қосылды. Әзірлеушілердің мәліметтері бойынша бір ай ішінде,  «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» деректер қоры қосылады.

ҚКБАЖ-сі Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 24 бабы (бұдан әрі мәтін бойынша «Заң») және Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 827 Үкімет Қаулысымен бекітілген, «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді.

Әзірленушілердің жоспарына сәйкес, алда ҚКБАЖ-сі әрі қарай да мемлекеттік «Е-лицензиялау» біріңғай ақпараттық жүйесімен, «Е-нотариат» біріңғай ақпараттық жүйесімен, «ХҚКО бірінғай жүйесі», сондай-ақ ҚР Жоғарғы сотының, ҚР Бас Прокуратурасының, Әділет Министрлігінің, Ішкі Істер Министрлігінің, Білім және Ғылым, Денсаулық, Ақпарат және Байлыныс, Зейнетақы және жәрдемақыларды төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Бірінғай жинақтау зейнетақы қоры» АҚ, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, «Бағалы қағаздардың біріңғай тіркеушісі» АҚ, екінші деңгейлі банктердің дерек қорларымен біріктіру жұмыстарын жүргізбек.

Бұл адвокаттардың қызметін автоматтандырады және оңтайландырады, білікті заң көмегін көрсету мақсатында жедел ақпараттарды алдыртуға, қағаз жеткізілімдерін азайтуға, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен қажетті ақпаратты алуға уақытын үнемдейді және материалдық шығындарын азайтады.

Алматы қалалық адвокаттар алқасынаң (бұдан әрі – «АҚАА») 160-тан астам адвокаттары ҚКБАЖ-сің мүмкіндіктерін және оны өздерінің кәсіби қызметінде қолдану мүмкіндіктерін талқылауға белсенді түрде қатысты.

ҚКБАЖ-сін  адвокаттардың Мемлекет кепілдік берген заң көмегі (бұдан әрі – «МКБЗК») шеңберінде заңгерлік көмек көрсетуіне байланысты  қолдануда бірқатар сұрақтар туындады.

Адвокаттар, аумақтық адвокаттар алқасын айналып өтіп, істерді автоматтандырылған түрде тарату хаос тудырады және қорғауға мұқтаж адамдардың құқықтарын бұзуы мүмкін деген қорқыныш танытады. Сонымен қатар, ҚКБАЖ-не қосылуға жариялы түрде ерік танытқандар болса, болашақта МКБЗК-гі шеңберінде ҚКБАЖ-не қосылусыз адвокаттық қызметін орындауға мүмкіндік болмайтынын жеткізді. Осыған байланысты, МКБЗК-гі бағдарламасына қатысатын адвокаттарды, ҚКБАЖ-сін пайдалануға ай сайынғы төлемдерді төлеуден босатуды ұсынды.

Адвокаттар МКБЗК-гі шеңберінде қағазсыз құжат айналымы (тағайындау туралы қаулы, қорғау туралы электронды хабарлама, адвокаттарға еңбекақы төлеу туралы арыздар мен қаулылар, сондай-ақ жұмысқа сыйақы алу туралы) нақты ойластырылмаған.

ҚКБАЖ-сінің пилоттық жобасына қатысып және тестіден өткізген адвокаттар, 2018 жылдың ортасынан бастап жүйенің дамуының әлсіз динамикасын атап өтті. Мысалы, ҚКБАЖ-сін мемлекеттік көші-қон жөніндегі, шекаралық қызмет және тағы басқа дерекқорлармен біріктіру бойынша адвокаттардың ұсыныстары нақты іске асырылмаған.

Сынақ режимінде адвокаттарға ҚКБАЖ-не тіркелуге ұсыныс жасалды, алайда анықталғандай қауіпсіздік сертификатының жарамсыздығына байланысты жүйені пайдалану мүмкін болмады.

«ҰАТ» АҚ пен РАА-сы арасында жасалған ҚКБАЖ-сін ұйымдастыру, жүргізу және дамыту бойынша қызметтерді ұсыну туралы 2019 жылғы 8 ақпандағы № 99 келісім-шартпен (бұдан әрі – «Шарт») адвокаттарды таныстыру барысында, ҚКБАЖ-не қосылу туралы келісімшарт және қосымша келісім (ол туралы презентация кезінде ғана белгілі болды) келесі маңызды сұрақтарға жауап таба алмады:

  • шарт ақпараттық жүйеде құқықтарды сипаттамайды: ақпараттық жүйенің меншік иесі және иесі кім;
  • зияткерлік меншіктің және электрондық ақпараттық ресурстардың, айрықша құқықтардың иесі кім;
  • жүйенің ақпараттық қауіпсіздігінің кепілдіктері және оны қамтамасыз етудің нақты шаралары, адвокаттық құпиялардың сақталуының кепілдігі;
  • жүйені құру және іске қосу кезеңдері, сондай-ақ оны дамыту;
  • жүйенің мүмкіндіктері туралы толық деректер, шарт жасасу сәтінде қандай жүйелермен біріктірілген;
  • жүйені пайдалану үшін адвокаттарға төлейтін ақысы негізді және өзгермейтін құны;
  • «ҰАТ» АҚ-ның ақпараттық жүйесінің функцияларын кеңейту жөніндегі міндеттемелері;
  • жүйе бойынша тәуелсіз ақпараттық аудитті өткізу туралы міндеттемелер және т.б.

Сонымен қатар, Заңға сәйкес РАА-сы адвокаттар алқаларының міндетті мүшелігіне негізделген және адвокаттар мен адвокаттар алқасының мүддесін Қазақстан Республикасының және басқа да ұйымдарда және шетелде мүдделерін қорғауға, адвокаттардың қызметін үйлестіруге, құқықтық көмек көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты, РАА-сы шарт бойынша әкімшінің функцияларын орындай келе, жарғыда көзделмеген қызметпен айналысуда, сондай-ақ РАА-сы және де ҚКБАЖ-сін пайдаланушы-адвокаттарға арналған салық салдарларын ескермеуде.

Қорытындылай келе, кездесудің қатысушылары 2025 жылға қарай барлық мемлекеттік органдардың қағазсыз құжатайналымына көшуді жұмыс процесіне біртіндеп еңгізу, адвокаттық қызметті цифрландырудың қажеттілігін ескере отырып, ҚКБАЖ-нің жоғары кәсіби білікті заң көмегін көрсетуге қажеттілігін, бірақ құқықтық және техникалық тұрғыдан да айтарлықтай жетілдіруді қажет ететінін түсінді.

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.